Пайдалану шарттары (Условия использования)

Пайдалану шарттары

«Info Blood» ақпараттық жүйесінде қамтылған ақпарат құпия болып табылады және оған қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңдарымен және олардың меншік иесімен шектелген мәліметтерді қамтиды.

«Info Blood» ақпараттық жүйесінің пайдаланушысы «Info Blood» ақпараттық жүйесін пайдалануға байланысты дербес деректерді тарату үшін жеке жауапкершілікті сезінетінін және қабылдайтынын растайды.

Пайдаланушы ақпараттық жүйені пайдалану шеңберінде пайдаланушы алуы мүмкін үшінші тұлғалардың дербес деректерін жария етпеуге және оларды жеке мақсаттар үшін немесе қандай да бір пайдаға қол жеткізу үшін пайдаланбауға міндеттенеді.

Пайдаланушы сондай-ақ осы ақпараттық жүйеде дербес деректерді қорғауға қатысты белгіленген барлық талаптар мен ережелерді сақтауға міндеттенеді. Пайдаланушы осы міндеттемелерді бұзған жағдайда, Пайдаланушы Қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауапты болуға дайын.

Жеке тұлғалар туралы дербес деректері бар электрондық ақпараттық ресурстардың мазмұнын оларға мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды шектеу мақсатында пайдалану 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ ӘҚБтК-нің 641-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

Осы Келісім бойынша пайдаланушы заңмен қорғалатын дәрігерлік құпияға жататын деректерге рұқсатсыз қол жеткізгені үшін жауап береді.

«Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңынан үзінді

5-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР

32-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың түрлері

7. Мемлекеттік құпияларды құрамайтын мәліметтерді қамтитын, бірақ Қазақстан Республикасының заңдарында қолжетімділігі шектелген не олардың меншік иесі немесе иеленушісі қол жетімділігін шектеген электрондық ақпараттық ресурстар құпия электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.

36-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар

1. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар жинаудың құпия электрондық ақпараттық ресурстары санатына жатады, оларды өңдеу олар жиналатын мақсаттармен шектеледі.

6. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды оларға мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.

9-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІЛЕРІН ҚОРҒАУ

53-бап. Ақпараттандыру объектілерін қорғаудың мақсаттары

1. Ақпараттандыру объектілерін қорғау ақпараттандыру объектілерінің сақталуына, оларға құқыққа сыйымсыз түрде және (немесе) әдейі жасалмаған қол жеткізуді және (немесе) ықпал етуді болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін іске асыру болып табылады.

2. Ақпараттандыру объектілерін қорғау: электрондық-ақпараттық ресурстардың тұтастығын және сақталуын қамтамасыз ету; қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстардың құпиялылық режимін қамтамасыз ету; ақпараттандыру субъектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу құқығын iске асыру; электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты оларға санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған қол жеткізуге, ақпараттың таралып кетуіне және өзге де әрекеттерге, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған ықпал етуге жол бермеу; ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің жұмыс істеуінің бұзылуына жол бермеу мақсаттарында Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Ақпараттандыру объектілеріне қатысты санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған өзге де әрекеттер: электрондық ақпараттық ресурстарды және (немесе) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін бұғаттау, яғни электрондық ақпараттық ресурстарға және (немесе) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті шектеуге немесе жабуға әкелетін әрекеттер жасау; ақпараттандыру объектілерін санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған түрлендiру; электрондық ақпараттық ресурсты санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған көшiру; электрондық ақпараттық ресурстарды санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған жою, жоғалтып алу; құқық иеленушінiң рұқсатынсыз бағдарламалық қамтылымды пайдалану; ақпараттық жүйелердiң және (немесе) бағдарламалық қамтылымның жұмысын бұзу не телекоммуникациялар желiлерінiң жұмыс iстеуiн бұзу болып табылады.  

4. Ақпараттық жүйелерді қорғау сыныптауышқа сәйкес берілген сыныпқа сай жүзеге асырылады.

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңынан үзінді

11-бап. Дербес деректердiң құпиялылығы (2 тармақ)

Кәсіптік, қызметтік қажеттілікке, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты қолжетімділігі шектеулі дербес деректер өздеріне белгілі болған адамдар олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.

22-бап. Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі міндеттері

1. Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға осы Заңға және уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес: дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізуді болғызбауды; егер дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізу еңсерілмеген болса, дербес деректерге мұндай рұқсатсыз қол жеткізу фактілерін уақтылы анықтауды; дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің қолайсыз салдарын барынша азайтуды қамтамасыз ететін дербес деректерді қорғау жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға міндетті.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнен үзінді

211-бап. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату

1. Азаматтардың дербес деректерін немесе Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе иеленушісі қолжетімділікті шектеген өзге де мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

223-бап. Коммерциялық не банктiк құпияны, құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария етумен байланысты ақпаратты заңсыз алу, жария ету немесе пайдалану (2 тармақ )

2. Өзіне коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәлiметтер қызметі немесе жұмысы бойынша сенiп тапсырылған адамның оларды иеленушісінiң келiсiмiнсiз, пайдакүнемдiк немесе өзге де жеке басының мүддесiнде жасаған және ірі залал келтірген заңсыз жария етуі немесе пайдалануы – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнен үзінді

3-тарау. Азаматтық құқықтар объектілері Параграф 1. Жалпы ережелер

126-бап. Қызметтiк және коммерциялық құпия

1. Үшiншi жаққа белгiсiз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негiзде еркiн танысуға болмайтын және ақпаратты иеленушi оның құпиялылығын сақтауға шара қолданатын ретте, қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады.

2. Мұндай ақпаратты заңсыз әдiстермен алған адамдар, сондай-ақ еңбек шартына қарамастан қызметшiлер немесе азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан контрагенттер қызметтiк немесе коммерциялық құпияны жария етсе, келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.

Условия использования

Информация, содержащаяся в информационной системе «Info Blood», является конфиденциальной и содержит сведения, доступ к которым ограничен законами Республики Казахстан и их собственником.

Пользователь информационной системы «Info Blood» подтверждает, что осознаёт и принимает на себя персональную ответственность за распространение персональных данных, связанных с использованием информационной системы «Info Blood».

Пользователь обязуюетеся не разглашать персональные данные третьих лиц, которые могут быть получены пользователем в рамках использования информационной системы, и не использовать их для личных целей или для достижения какой-либо выгоды.

Пользователь также обязуется соблюдать все требования и правила, установленные в отношении защиты персональных данных в данной информационной системе. В случае нарушения пользователем данных обязательств, пользователь готовы нести персональную ответственность в соответствии с действующим законодательством.

Использование содержимого электронных информационных ресурсов, содержащих персональные данные о физических лицах, в целях причинения им имущественного и (или) морального вреда, ограничения реализации прав и свобод, гарантированных законами Республики Казахстан, влечет ответственность в соответствии со ст.641 КОАП от 5 июля 2014 года № 235-V ЗРК.

По настоящему Соглашению пользователь несет ответственность за несанкционированный доступ к данным относящимся к защищаемой законом врачебной тайне

Выписка из Закона РК «Об информатизации»

Глава 5. Электронные информационные ресурсы

Статья 32. Виды электронных информационных ресурсов

7. Электронные информационные ресурсы, содержащие сведения, не составляющие государственные секреты, но доступ, к которым ограничен законами Республики Казахстан либо их собственником или владельцем, являются конфиденциальными электронными информационными ресурсами;

Статья 36. Электронные информационные ресурсы, содержащие персональные данные

1. Электронные информационные ресурсы, содержащие персональные данные, относятся к категории конфиденциальных электронных информационных ресурсов сбор, обработка которых ограничиваются целями, для которых они собираются.

6. Не допускается использование электронных информационных ресурсов, содержащих персональные данные о физических лицах, в целях причинения имущественного и (или) морального вреда, ограничения реализации прав и свобод, гарантированных законами Республики Казахстан.

Глава 9. Защита объектов информатизации

Статья 53. Цели защиты объектов информатизации

1. Защитой объектов информатизации является реализация комплекса правовых, организационных и технических мероприятий, направленных на сохранность объектов информатизации, предотвращение неправомерного и (или) непреднамеренного доступа и (или) воздействия на них.

2. Защита объектов информатизации осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан и действующими на территории Республики Казахстан стандартами в целях:

  • обеспечения целостности и сохранности электронных информационных ресурсов;
  • обеспечения режима конфиденциальности электронных информационных ресурсов ограниченного доступа;
  • реализации права субъектов информатизации на доступ к электронным информационным ресурсам;
  • недопущения несанкционированного и (или) непреднамеренного доступа, утечки и иных действий в отношении электронных информационных ресурсов, а также несанкционированного и (или) непреднамеренного воздействия на объекты информационно-коммуникационной инфраструктуры;
  • недопущения нарушений функционирования объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры и критически важных объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры.

3. Иными несанкционированными и (или) непреднамеренными действиями в отношении объектов информатизации являются:

  • блокирование электронных информационных ресурсов и (или) объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры, то есть совершение действий, приводящих к ограничению или закрытию доступа к электронным информационным ресурсам и (или) объектам информационно-коммуникационной инфраструктуры;
  • несанкционированная и (или) непреднамеренная модификация объектов информатизации;
  • несанкционированное и (или) непреднамеренное копирование электронного информационного ресурса;
  • несанкционированное и (или) непреднамеренное уничтожение, утрата электронных информационных ресурсов;
  • использование программного обеспечения без разрешения правообладателя;
  • нарушение работы информационных систем и (или) программного обеспечения либо нарушение функционирования сети телекоммуникаций.

4. Защита информационных систем осуществляется согласно классу, присвоенному в соответствии c классификатором.

Выписка из Закона РК «О персональных данных и их защите»

Статья 11. Конфиденциальность персональных данных (пункт 2)

Лица, которым стали известны персональные данные ограниченного доступа в связи с профессиональной, служебной необходимостью, а также трудовыми отношениями, обязаны обеспечивать их конфиденциальность.

Статья 22. Обязанности собственника и (или) оператора, а также третьего лица по защите персональных данных

1. Собственник и (или) оператор, а также третье лицо обязаны принимать необходимые меры по защите персональных данных, обеспечивающие:

  • предотвращение несанкционированного доступа к персональным данным;
  • своевременное обнаружение фактов несанкционированного доступа к персональным данным, если такой несанкционированный доступ не удалось предотвратить;
  • минимизацию неблагоприятных последствий несанкционированного доступа к персональным данным.

Выписка из Уголовного Кодекса РК

Статья 211. Неправомерное распространениеэлектронныхинформационных ресурсовограниченного доступа

1. Неправомерное распространение электронных информационных ресурсов, содержащих персональные данные граждан или иные сведения, доступ к которым ограничен законами Республики Казахстан или их собственником или владельцем, – наказывается штрафом в размере до двухсот месячных расчетных показателей либо исправительными работами в том же размере, либо привлечением к общественным работам на срок до ста восьмидесяти часов, либо арестом на срок до шестидесяти суток, с лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью на срок до трех лет или без такового.

Статья 223. Незаконные получение и разглашение сведений, составляющих коммерческую, банковскую тайну, а также информации, связанной с легализацией имущества» (пункт 2)

1. Незаконное разглашение или использование сведений, составляющих коммерческую или банковскую тайну, без согласия их владельца лицом, которому они были доверены по службе или работе, совершенное из корыстной или иной личной заинтересованности и причинившее крупный ущерб, – наказывается штрафом в размере до трех тысяч месячных расчетных показателей либо исправительными работами в том же размере, либо ограничением свободы на срок до трех лет, либо лишением свободы на тот же срок.

Выписка из Гражданского кодекса Республики Казахстан

Глава 3. Объекты гражданских прав

Параграф 1. Общие положения

Статья 126. Служебная и коммерческая тайна

1. Гражданским законодательством защищается информация, составляющая служебную или коммерческую тайну, в случае, когда информация имеет действительную или потенциальную коммерческую ценность в силу неизвестности ее третьим лицам, к ней нет свободного доступа на законном основании и обладатель информации принимает меры к охране ее конфиденциальности.

2. Лица, незаконными методами получившие такую информацию, а также служащие вопреки трудовому договору или контрагенты вопреки гражданско-правовому договору, разгласившие служебную или коммерческую тайну, обязаны возместить причиненный ущерб.